«AQTOBE CAMP – 2025»: ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«AQTOBE CAMP – 2025»: ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

5 тамыз күні, аудандық жастар орталығының қолдауымен «Aqtobe Camp – 2025» облыстық жобасының екінші күні Қарғалы ауданында жалғасты.

Жастар «Trout Kargaly» форель шаруашылығына барып, балық өсіру өндірісінің жұмысымен танысты. Табиғатпен үндескен заманауи кәсіп түрі жастарға ерекше әсер қалдырды.

Одан кейін қатысушылар Ащылысай АО этно-ауылға ат басын бұрып, ашық аспан астында өткен психологиялық тренингке қатысты.

Психолог Орынкуль Кунирбаевна жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықты қорғау жолдары, және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы тақырыптарында тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Ашық диалог пен пікір алмасуға негізделген тренинг қатысушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне, өмірлік маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, шығармашыл жастар табиғат көріністерін қағаз бетіне түсіріп, өнерлерін ортаға салды. Интеллектуалды IQ жорық ойындарына қатысып, миларына шабуыл жасады. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар арасында тартысты бәсеке өтті.

Табиғат аясында өткен бұл күн қатысушыларға сергектік пен шабыт сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1047683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version