Ақтөбе өңірінде 10 тамыз – Абай күнінде барлығы 35 ұл мен қыз дүниеге келді. Оның екеуі ұлы ойшыл Абай есімімен аталды.
Жас аналар Айзана мен Ақгүлді нәрестелерін дүниеге әкелген күнімен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев перзентханаға барды. Шаһар басшысының атынан домбыра сыйға тартты.
«Абай күні қарсаңында дүниеге келген перзенттеріңіз – рух пен даналықтың, үміт пен нұрдың белгісіндей. Ұлы ойшылдың өнегесімен, халқымыздың асыл мұраттарымен сусындап, жүрегі мейірімге, сөзі парасатқа толы, еліне сүйікті азамат болып өссін!»– деді ол.
Абайлардың біріншісі таңғы 5:15-те, ал екіншісі Абай Абайбекұлы екі сағаттан кейін – 7:00-де дүние есігін ашқан.
Айтып өтейік, бүгін Абай күнінде ақтөбелік дәрігерлер 21 ұл мен 14 қыз баланың туылына себепкер болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1048497?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау