Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылының тумасы, 1975 жылы туған Ақтанбеков Әлімбек Нағашбекұлы – ауыл электр жүйесін сенімді түрде жүргізіп келе жатқан тәжірибелі электрик.
Орта білімін ауылдағы мектепте тәмамдаған соң, Шымкент қаласында радиоэлектр техникасы саласы бойынша оқыған. 1995 жылы еңбек жолын Ащысай Полиметалл комбинатында байланыс мамандығы бойынша бастаған . Кейін 2007 жылы «Қазақтелеком» компаниясында жұмыс істей бастады. Ал 2022 жылдан бері ТОО «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясында электрослесарь қызметін атқарып, 2024 жылдан бастап шебер (мастер) болып еңбек етуде .
Ол электр желілерін басқару және жөндеу саласында 30 жылдан астам тәжірибе жинақтаған кәсіби маман. Ауылды тоқпен қамтамасыз ету – көп жауапкершілікті талап ететін, бірақ қыруар үлес қосатын маңызды қызмет. Жарық жүйесі бұзылғанда оны уақытылы қалпына келтіру – оның тікелей міндеті.
Әлімбек Нағашбекұлы – бес перзенттің әкесі, көпбалалы отбасының берік тірегі. Бір ұлы әкесінің жолын қуып, дәл осы мамандық бойынша білім алып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1047814?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау