Шараға қалалық мәслихат депутаттары, «Нұра» ауданы әкімдігі мен прокуратурасының өкілдері, Полиция басқармасы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері, еріктілер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты – тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазуларды бояу арқылы олардың көзге түсуін азайту, салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, қоғамда нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту.
Шара барысында депутаттар белсенділермен бірге қаланың кей көшелеріндегі ғимараттардың қабырғаларына жазылған граффити-жарнамаларды бояп, «Күйгенжар» стационарлық бекетінде арнайы қызметтік иттің көмегімен көліктерді тексеруге қатысты. Сонымен қатар, қалалық психикалық денсаулық орталығы жанындағы наркологиялық бөлімге барып, емделу және оңалту жағдайларымен танысты. Бұл – нашақорлыққа қарсы күрестегі нақты әрекеттер мен қоғамның бірлескен жауапкершілігінің көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1047731?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау