Бүгін аудан әкімінің орынбасары Шамау Нұртас Мейрамбекұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, кездесуде жер телімдерін рәсімдеу, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ұсыныстар мен тұрмыстық тазалық мәселелері қозғалды. Әрбір тұрғынның өтініштері тыңдалып, мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер берілді.
Тиісті сала мамандарына тапсырмалар жүктеліп, кейбір сұрақтар сол мезетте өз шешімін тапты. Ал күрделі мәселелер алдағы уақытта қаралып, бақылауға алынатын болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1047597?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау