Баспасөз парағы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шара туралы ақпарат.
2025 жылғы 7 тамыз күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында (Атамекен) Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық іс-шара өткізу жоспарлануда.
Іс-шара аясында Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік кепілдіктер аясындағы заңнамалық өзгерістер» және «Еңбек ету құқығының конституциялық кепілдіктері» тақырыптарында Ашық есік күні өтеді.
Аталған шара барысында қатысушылар еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерге қатысты өзекті заңнамалық өзгерістер бойынша кең көлемде ақпарат ала алады, сондай-ақ мамандардың кәсіби кеңесіне жүгіну мүмкіндігіне ие болады.
Семинарды өткізушілер: «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ, «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» КММ, «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Қарағанды облысының әділет депортаменті Қарағанды қаласының әділет басқармасы» РММ, «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі» ММ, «Атамекен Қарағанды қаласының Атамекен кәсіпкерлер палатасы», «Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының Қарағанды облысындағы филиалы-Қарағанды облысының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы», Қарағанды облысындағы «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілі, Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды қаласы білім бөлімі» ММ, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Ұйымдастырушы: Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ.
Өтетін орны: Тәттімбет көшесі, 709. 2 қабат, «Атамекен Қарағанды қаласының Атамекен кәсіпкерлер палатасы».
Байланыс телефондары:
+7 (7212) 50-40-55
+7 (7212) 50-64-11
+7 (7212) 50-36-40
+7 (7212) 50-64-13
Instagram: @atameken.qaragandy @otbasy.ortaly
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/news/details/1047390?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау