Ағымдағы жылдың 07 тамызында «Qosyl» платформасы арқылы онлайн режиімінде «Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының БЭК, фронт-офис қызметкерлерінің қатысуымен «Білім беру ұйымдарынан берілген анықтамалар негізінде көпбалалы отбасыларға және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақыларды қайта есептеу» тақырыбында техникалық сабақ өткізілді.
Техникалық сабақ барысында №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К. Естеуова білім беру ұйымдарынан берілген анықтамалар негізінде көпбалалы отбасыларға және асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды қайта есептеу талаптарын түсіндірді.
Жиын соңында, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы К. Естеуова Мемлекеттік корпорация мамандары тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1047688?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау