Биыл Марқакөл ауданында 16 жаңа үй салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданының халқымен кездесу өткізді.

Облыс басшысы ауданның 2029 жылға дейінгі даму жоспарын таныстырды. Мәселен, мемлекеттік бюджеттен 52 миллиард теңгеден астам қаржы, ал жекеменшік инвестиция көлемі 15,5 миллиард теңгеден асады.

Биыл Марқакөл ауданында 16 жаңа үй салынады. Ал алдағы екі жылда 123 ауыл интернетпен қамтамасыз етіледі.

«Марқакөл ауданы халқының 82,4 пайызы интернетке қол жеткізе алады. Цифрлық инфрақұрылымды кеңейту бағдарламасы аясында биыл наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет желісі тартылды», – деді облыс әкімі.

Ашық диалог форматында Нұрымбет Сақтағанов ауыз сумен қамту саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті. Бүгінде Марқакөл ауданындағы барлық 23 елді мекен 100% таза ауыз сумен қамтылған. Қазір екі жоба жүзеге асырылуда – Марқакөл ауылында 300 млн теңгеге су құбыры желілерінің құрылысы және Боран ауылында 200 млн теңгеге су құбырына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөндеуді аудан әкімі қазан айының басына дейін аяқтауы тиіс.

Марқакөл тұрғындары облыс әкімінен жұмысқа орналастыру, үй жануарларын вакцинациялау, жастарды тәрбиелеудің жаңа тәсілдері туралы сұрады.

Кейін жеке қабылдау барысында азаматтар денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарын қойды – ауданда қажетті медицина қызметкерлері жетіспейді. Бес баланың анасы кондитерлік кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр – оған кәсіпкерлікпен айналысу үшін грант қажет. Жас дәрігерлер баспанамен қамту мәселесін көтерді. Тағы басқа да сұрақтар қойылды.

Нұрымбет Сақтағанов әрбір өтінішті жеке бақылауына алды.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудандық аурухананы, «Қазпошта» бөлімшесін, коммуналдық техниканы қарап шықты. Сондай-ақ ауылдық су құбыры желілерінің қайта жаңғыртылуын және Марқакөл интернат-колледж мектебін аралады. ШҚО әкімі мектеп шатырының тез арада жөндеуді қажет ететінін айтып, жауапты тұлғаларды анықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1052219?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version