Бурылбайтал ауылына – 100 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданындағы Балқаш көлінің жағасында орналасқан Шығанақ ауылдық округіне қарасты Бурылбайтал ауылы өзінің 100 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті.

Мерекелік шара көрікті “Сейділда” демалыс орнында ұйымдастырылып, ауылдың бай тарихына тағзым еткен, бірлік пен берекені дәріптеген айрықша күнге айналды. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Қуандық Төлеубеков ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады. 

Ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері мен аудандық мәслихат депутаты Бекболат Өткелбаев та мерекеге жиналған жұртшылыққа жылы лебізін білдіріп, Бурылбайталдың өңір тарихындағы орны мен маңызын атап өтті.

Мерейтой катерлер шеруімен басталып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Күн бойы ауыл тұрғындары мен қонақтары мерекелік көңіл күйде болып, өткеннің өнегесін, бүгіннің жетістігін еске алды. Спорттық жарыстар, ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, қомақты жүлде сарапқа салынды. 

Бірлігі мен тірлігі жарасқан Бурылбайталдың ғасырлық белесі – ауыл халқының тату тірлігінің, елжандылық пен еңбектің айқын көрінісі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1048816?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version