#MaslikhatAlmaty депутаттары республикалық #TazaQazaqstan акциясы аясында Баум тоғайында сенбілік өткізді.
Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов та қатысты. Депутаттар жасыл аймақты қоқыстан тазартып қана қоймай, тоғайды қайта жаңғырту жоспары бойынша баяндамамен танысты. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы жобада жайлы серуендеу бағыттарын, демалыс аймақтарын құру және тоғайдың бірегей экожүйесін сақтау шаралары қарастырылғанын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1048429?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау