«Дін және конфессия кеңістігі» дөңгелек үстел туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қабанбай ауылындағы «Нұрмұхамбет» атындағы мешітте діни экстремизмнің алдын алу мақсатында «Дін және конфессия кеңістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, мешіттің имамы Азамат мырзамен кездесті. Кездесу барысында имам қатысушыларға дәстүрлі діннің маңызы, діни сауаттылық және қоғамдағы рухани тәрбие жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, жастардың діни жат ағымдардан сақ болу жолдары мен отбасындағы рухани тәрбиенің рөлі жайлы мәселелер талқыланды.

Шара өзара сұхбат, пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауаптар алды. Дөңгелек үстел рухани құндылықтарды насихаттау мен дін саласындағы сауаттылықты арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1048577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version