Қарағанды қаласының Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Негізгі Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» атты ұлттық іс-шара өтті. Іс-шараға Департамент атынан Еңбек қатынастары бөлімі бас мемлекеттік еңбек инспекторы Әсем Қасымова қатысты.
Кездесу аясында Қарағанды қаласының «Отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі тақырыптарда семинар ұйымдастырды:
– Әлеуметтік кепілдіктер саласындағы заңнамалық өзгерістер
– Еңбек ету құқығына қатысты конституциялық кепілдіктер
Қатысушылар еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде өзекті ақпарат алып, білікті мамандардың кеңесіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қолжетімділікті кеңейту болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1048948?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау