Халықпен ашық қарым-қатынас пен азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру — тиімді басқарудың маңызды құрамдастары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез  Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындар өмір сапасын жақсарту мен абаттандыру мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтарын қоя алды. 

Көтерілген мәселелердің қатарында — Ақжар ауданына қарасты Горьковское ауылында ФАП  салу, Солнечный-2 шағын ауданын және Ибраев көшесі, 21 мекенжайындағы аула аумағын абаттандыру, сондай-ақ спорт пен білім беру саласындағы түйткілдер мен тұрғын үй мәселелері болды.

Кейбір сұрақтар қабылдау барысында жедел шешімін тапты. Қалған өтініштер бойынша облыс әкімі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1048563?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version