Келес ауданы әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абдрахмановтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері арасында қызметтік әдепті сақтау, хаттамалық тапсырмалардың орындалу тәртібі және алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер бойынша жұмыс жиыны өтті.
Жиынға аппараттың құрылымдық бөлімше басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Басқосу барысында Бақтияр Абдрахманов мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен тәртібі жөнінде айта келе, әрбір мемлекеттік қызметші өз міндетін адал атқарып, қызметтік этиканы мүлтіксіз ұстануы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, уақытылы әрі сапалы жұмыс атқару, халықпен тиімді байланыс орнату және тапсырмалардың орындалуын бақылауда ұстау басты басымдықтардың бірі екені айтылды.
Жиында сонымен қатар, ағымдағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралып, орын алған кейбір олқылықтарға қатысты тиісті ескертулер жасалды. Жауапты тұлғаларға нақты мерзімдер белгіленіп, тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
Кездесу соңында аппарат басшысы мемлекеттік қызметшілерге жоғары жауапкершілікпен жұмыс істеуді, тәртіп пен этикалық нормаларды берік ұстануды және халық мүддесіне қызмет етуді басты қағида етіп ұстау қажеттігін тағы бір мәрте атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1047645?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау