Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімділігін қадағалау мақсатында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында жүргізілді.
Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің мамандары қатысты.
Қоғамдық бақылау барысында, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы бақыланды.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың сұраныстарына назар аудара отырып, өтініштерді қарау кезінде әуре-сарсаңды болдырмай, мемлекеттік қызмет көрсету барысында тиісті жағдай жасау, сондай-ақ, клиентке бағдарлану қағидасымен жұмыс жасау керектігі түсіндірілді.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1047818?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау