МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТАРЫ АРТТЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Қазіргі заманның басты тренді – цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. Осы орайда, Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілері «АІ-QYZMET» бағдарламасы аясында жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу бойынша арнайы оқытудан өтті.
Курсты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұйымдастыруда.
Оқыту барысында қатысушылар:
— міндеттерді автоматтандыру,
— ақпаратты өңдеу мен жүйелеу,
— визуалды презентациялар дайындау,
— күнделікті тапсырмаларды оңтайландыру мәселелерінде цифрлық құралдардың және платформалардың жұмысымен терең танысты.
Цифрлық сауаттылық – бұл болашақ емес, қазіргі күннің талабы. Ал жасанды интеллект – кәсіби тиімділікті арттыратын қуатты құрал. Цифрлық сауаттылықты арттыру, жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану үлкен деректерді талдауға және әкімшілік процестерді автоматтандыру, сондай-ақ шешімдер қабылдау мен өнімділікті арттыруға мүмкіндіктер береді.
Сарыағаш аудны әкімі баспасөз қызметы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1047902?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version