Менингококкты инфекциясы – ауа-тамшы жолымен берілетін жіті респираторлық бактериялық қоздырғыштың мұрын-жұтқыншақтың зақымдануымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен өтетін, аурудың симптомсыз түрінен бастап іріңді менингококк сепсисіне дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Алдын алу шаралары:
- адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
- инфекцияны болдырмау үшін, әсіресе тамақтану алдында қолды мұқият жуу өте маңызды;
- денсаулығыңызды қадағалаңыз, ауа-райына сәйкес киініңіз, үнемі спортпен айналысып, дұрыс тамақтанып, иммундық жүйеңізді сақтаңыз;
- бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды жинақ жүргізу қажет.
Алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет! Өз бетінше емдеуге болмайды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1047770?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау