Жазғы каникул – балалар үшін тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар жаңа әсерлерге, дағдыларға ие болып, жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік. 2025 жылғы 23 шілде мен 1 тамыз аралығында Осакаров ауданының жалпы білім беретін мектептерінен 48 оқушы Айыртаужан көлі жағасында, Екі бауыр тауының етегінде, Шалқар демалыс аймағында, Көкшетау қаласынан 70 км қашықтықта орналасқан көркем табиғатты «Чайка» сыртқы лагерінде ұмытылмас демалыс маусымын өткізді.
Он күн ішінде балалар қызықты іс-шараларға: спорттық турнирлерге, командалық ойындарға, шығармашылық байқаулар мен кешкі шоу-бағдарламаларға белсене қатысты. Лагерьдегі әр күн белсенділікке, көтеріңкі көңіл күй мен достық атмосфераға толы болды.
Қауіпсіздікке, тамақтану мен тұрмыс жағдайларын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді. Тәлімгерлер мен ұстаздар балалардың толыққанды демалып, дамуына мүмкіндік беретін жайлы әрі мейірімді орта қалыптастырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1047618?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау