Приозерскіге сапар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева Приозерск қаласында маңдайшалар, деректемелер, сыртқы жарнама және ас мәзірлерінің заң талаптарына сай ресімделуіне мониторинг жүргізді.

Көшедегі көрнекі ақпаратты зерделеген басқарма басшысы Приозерск шаһарындағы супермаркеттер мен қоғамдық тамақтандыру орындарына барды. Қызмет көрсетуші бизнес өкілдерімен кездесіп, заң талаптарын түсіндірді.

Еске сала кетейік, көрнекі ақпарат пен жарнама «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес ресімделіп, ұсынылуы тиіс. Бұл талаптар бұзылған жағдайда көрнекі ақпаратты ұсынуда кемшілік жіберген кәсіпкерге алдымен ескерту беріледі, ал кемшілік жойылмаған жағдайда айыппұл салынады.

Аталған заң талаптарын түсіндіру мақсатында басқарма басшысы А.Қ. Шалабаева Приозерск қаласында «Көрнекі ақпарат пен жарнамадағы өзекті мәселелер» тақырыбында бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді. Кездесуге Приозерск қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі, қалалық мәслихат депутаттары, тіл бөлімі мамандары және кәсіпкерлер-барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлер мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты пікірлерін білдіріп, осындай түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Ал кәсіпкер Валентина Тян басқарма басшысымен жеке тілдесіп, қазақ тілін оқыту курсына қатысты мәселесін нақтылады.

Приозерск қалалық тіл бөлімі мамандары қалада көрнекі ақпаратқа қатысты мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ ас мәзірін қазақ тіліне аудару бағытында кәсіпкерлермен бірлескен жұмыстар жолға қойылғанын жеткізді.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, әсіресе көрнекі ақпараттың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес ресімделуі -күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Бұл бағытта заң талаптарын түсіндіру жұмыстары өңірлерде алдағы уақытта да жалғасын табады

#қарағандытілдердідамытубасқармасы #қарағандыкөрнекіақпарат

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1047994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version