Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәнерлеп сырғанау: АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен Cranberry Cup International 2025 Челленджер турнирінде Софья Самоделкина күміс жүлдегер атанды. Жерлесіміз 203,15 ұпай (65,80+137,35) жинады.

Күрес: Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен ересектер арасындағы Германия Гран-приінде отандық палуандар 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Әуесқой бокс: Таиланд астанасы Бангкокта мәресіне жеткен Азия чемпионатында еліміздің жасөспірімдер (U-19) құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль иеленіп, бесінші орынға тұрақтады.

Үстел теннисі: АҚШ-тың Спокане қаласындағы WTT Feeder халықаралық жарысында Зәуреш Акашева үздік үштікке енді. Ол жұптық сында словениялық Анна Тофантпен бірге өнер көрсетіп, қола жүлде жеңіп алды.

Теннис: Болгария астанасы Софияда ұйымдастырылған ITF Juniors J30 сериясында 16 жастағы отандасымыз Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды. Бұл – оның ITF жасөспірімдер арасындағы турнирлердегі алғашқы жүлдесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1048831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version