Шымкентте нысана көздеу мен стенд атудан Азия чемпионатын басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласындағы Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде нысана көздеу мен стенд атудан XVI сары құрлық чемпионатының ресми ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси, нысана көздеуден Азия қауымдастығының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов сынды мәртебелі қонақтар қатысып, сөз сөйледі.

Руслан Есеналин бәсекенің ашылуы еліміздің спорт күнімен тұспа-тұс келгеніне тоқталып, көпшілікті құттықтады.

«Біз үшін нысана көздеу басымдық берілген спорт түрлерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл спорт түрлерімен айналысатын адамдар саны 18 мыңнан асады. Осы жарысқа 27 елден 700-ден астам өкілі қатысуда. Барлық спортшыға сәттілік тілеймін»,-деді Руслан Бақыттыұлы.

Айтулы додаға арнайы келген, нысана көздеуден Азия қауымдастығының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах осынау спорт түрінен қазақстандықтардың алар орны ауқымды екенін атап өтті.

«Ханымдар мен мырзалар, Азияда нысана көздеу жыл сайын қарқынды дамып келеді. Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада Азия спортшылары жалпы есепте көш бастап, барлығы 21 медаль жеңіп алды. Бұл сары құрлық спортшыларының табандылығы мен қауымдастықтағы федерациялардың еңбегінің айқын көрсеткіші. Осы қатарда жүлде алған Қазақстанды тағы бір мәрте құттықтаймын»,-деді шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах.

Айта кетейік, алдағы 2 апта ішінде Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде барлық дисциплинада (тапанша, винтовка, жылжымалы нысана көздеу, стенд атудан) жасөспірімдер, жастар мен ересектер өзара бақ сынайды.

Қатысатын елдер саны: қүрлықтағы 29 Ұлттық федерация
Спортшылар саны: 756
Ресми тұлғалар саны: 218

Шымкент осыдан 4 жыл бұрын пневматикалық қарумен нысана көздеуден Азия чемпионатын қабылдаған. Ол кезде 20 мемлекеттің 350-ге жуық спортшысы қатысқан. Қазақстан 5 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1052254?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version