Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 9 тамызда “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаладағы барлық мекемелер мен ұйымдар белсене атсалысты. Солардың қатарында “Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы бойынша департаменті” республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы да бар.
Мекемеге бекітілген Қ. Рысқұлбеков көшесінің Ғ.Іляев көшесінен соңына дейінгі аралығы, Ж. Мақұлбаевтың басшылығымен толық санитарлық тазалаудан өтті. Ұжым мүшелері аумақты қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға шығарды, көшенің көркін ашып, тұрғындарға таза орта қалыптастыруға үлес қосты.
Сенбіліктің басты мақсаты – қала аумағын абаттандыру, экологиялық мәдениетті көтеру және тұрғындардың қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауын насихаттау.
“Таза Қазақстан” акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, Шымкенттің тазалығы мен көркейуіне өз септігін тигізбек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbek-inspekstiaysy/press/news/details/1048878?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау