Экобелсенді өзінің бұл іске деген қызығушылығы бірнеше жыл бұрын қалыптасқанын айтады.
– Бұл спорт түрімен үш жылдан бері әуесқой деңгейде айналысып келемін. Бірде теңізде ұзақ қашықтыққа жүзіп бара жатып, су астында үйіліп жатқан қоқысты байқадым. Сол кезден бастап, әрдайым жолымда кездескен қалдықтарды жинап шығуды әдетке айналдырдым. Табиғатқа пайда тигізуді азаматтық борышым деп санаймын», — деді Қанат Абдиев.
Теңіз тазалығына бейжай қарамайтын сүңгуір көпшілікті қоршаған ортаға құрметпен қарап, демалыс кезінде қоқысты бейберекет тастамауға, табиғатты таза ұстауға шақырды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1048902?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау