ТҮРКІСТАНДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында көркемсөз оқу шеберлеріне арналған облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Сайысқа өңірдің әр түкпірінен келген 16 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
 
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, екінші кезеңде ұлы ақынның қарасөздерімен байланыстырылған көрініс сахналады. Ал ақтық кезеңде
ғұламаның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.
 
Шара барысында қатысушылар Абайдың терең мағыналы өлеңдері мен қарасөздерін жүрекпен сезініп, өз таланты мен дайындық деңгейін көрсетіп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.
 
Қазылар алқасының шешімімен:
Бас жүлдені Отырар ауданынан Шерехан Дариға иеленді. Жүлделі I орын Бәйдібек ауданынан Аманжол Мұхтарға бұйырды, II орын Сауран ауданынан Әбен Назгүлге, ал жүлделі III орынды Келес ауданынан Жолдасбек Ақберен қанжығасына байлады.
Бұдан бөлек, үздік деп танылған сайыскерлерге арнайы жүлделер табысталды.
 
Айта кетейік, байқаудың мақсаты – ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттауға, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, көркемсөз мәдениетін дамыту мен қатар жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған.
«Абай оқулары» алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1048649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version