Түркістандық өнерпаздар әннен шашу шашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының Орталық алаңында «Абайға тарту» атты концерт өтті. Концертке Қазақстанның әр өңірлерінен келген шығармашылық ұжымдар қатысты.
 
Өзге өңірлермен қатар түркістандық өнерпаздар әннен шашу шашты. Атап айтсақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері Айжан Тәженова, Бақытжан мен Айжан Мұстафаевтар, Еламан Маратов және Бекзат Төребек өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
 
Мәдени шараның басты мақсаты – ұлы ойшылдың мұрасын дәріптеу арқылы өңіраралық мәдени ынтымақтастықты арттыру, өнер арқылы рухани құндылықтарды жаңа буынға жеткізу.
Бұл – ел ішіндегі өнердің бірлігі мен сабақтастығын көрсететін маңызды мәдени шара болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1048660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version