Ұлы ақын, философ, ойшыл және реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Қазақстан ұлы ақын, философ, ойшыл және реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтті. Бұл мерейтой тек ресми іс-шара ғана емес, ұлттық мәдениетке, рухани тамырға және қазақ зияткерлік дәстүріне терең бойлайтын маңызды күнге айналды.

Ақынның 180 жылдығына орай республика көлемінде ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді. Мәдени іс-шаралармен қатар, оқу орындарында Абайтану сабақтары өткізілді. Білім беру саласында «Абай оқулары» республикалық циклі ұйымдастырылып, Абайтану курсы оқу бағдарламасына кеңінен енгізілді. Бұл бастама арқылы жас ұрпаққа ақынның ой-өрісі мен рухани мұрасын тереңірек сіңіру көзделіп отыр.

Мерейтой аясында халықаралық ғылыми конференциялар өтеді. Шараларға Орталық Азия, Түркия, Ресей және Еуропадан ғалымдар қатысып, Абай идеяларының бүгінгі күнмен үндестігін талқылады
Облыстың өңірлерінде жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен флешмобтар өтті.

Ұлы ақын дүниеге келген Абай облысы – осы жылдың рухани орталығына айналды. Семей қаласы мен Жидебайда жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа экспозициялар ашылды. Мұнда кең ауқымды «Абай форумы» да ұйымдастырылды.

Қоғамда рухани тірек іздеудің өзектілігі арта түскен қазіргі кезеңде Абайдың адамгершілік, білім, еңбек, ақиқат пен сыйластықты насихаттаған идеялары ерекше мәнге ие. Білім беру, мәдениет және идеология саласының өкілдері мерейтойды ұлттық идея мен құндылықтарды жаңаша ұғынуға бастайтын маңызды сәт ретінде қабылдап отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-inspection/press/news/details/1048930?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version