Ультрамарафонның абсолютті жеңімпазы анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған Семей-Қарауыл тас жолындағы республикалық 180 км ультрамарафон жарысы аяқталды.

Жарысқа республиканың өңірлерінен және шет елдерден 100-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс екі түрлі жас категориясында өтті: 40-қа дейін және 40 тан кейін.

Ультрамарафонның жалпы жүлде қоры-12 000 000 теңге. Ал бас жүлде- JETOUR X50 автокөлігі.

Семейден Қарауыл төбеге дейінгі 180 шақырымдық қашықтықты 31 жастағы оралдық жеңіл атлет Баубек Ильясов 19 сағат, 9 минут, 45 секундта еңсеріп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ал,жүлделі 1 орын-Кутуев Мейір (Абай облысы, Мақаншы ауданы);
2 орын-Келманов Рақымжан (Алматы облысы)
3 орын- Уразов Руслан (Алматы).
Айта кетейік, марафон кеше Семей қаласындағы Абай атындағы халықаралық әуежайдан бастау алып, Қарауыл төбеде аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1048509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version