Атырау облысының полиция департаменті, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы және Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастарға арналған ерекше форматтағы «Заң жолы» квесті өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту.
Квестке 14-20 жас аралығындағы жастардан құралған, әрқайсысы 4 адамнан тұратын 5 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, қылмысты әшкерелеу, айғақтарды табу, заң аясында әрекет ету дағдыларын көрсетіп, құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік тақырыптарында білімдерін сынады.
Бұл шара тек ойын ғана емес, жастарға құқықтық білім мен патриоттық рух сыйлаған маңызды жоба болды. Іс-шара соңында жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1048864?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау