Шомылу маусымы басталғаннан бері Шығыс Қазақстанда 6 адам суға батып кетті.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов атап өткендей, барлық жазатайым оқиғалар шомылуға жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде болған. Қайғылы жағдайлардың себептері көбінесе жүзу кезінде өз күштерін асыра бағалау болып табылады.
ШҚО ТЖД қызметкерлері шомылу маусымы басталғаннан бері еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты негізде профилактикалық акциялар мен іс-шаралар өткізуде. Бүгінгі таңда 1320-дан астам рейд жүргізілді, онда су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Жазғы кезеңнің басынан бастап патрульдеу барысында құтқарушылар 13 демалушыға көмекке келіп, олардың өмірін сақтап қалды.
ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 32 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД аймақ азаматтарын судағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
-Тыйым салу белгілеріне назар аударыңыз және тек жабдықталған жағажайларда жүзіңіз
-Балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмаңыз
-Қалтқылардан аспаңыз
-Алкогольді ішуге жол бермеңіз
Су қателерді кешірмейді!
Төтенше жағдайлар кезінде “112”нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1048824?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау