ҚР Оқу- ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес министрліктің өкілі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Шакаева Гаухар Серікқалиқызы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында білім саласына жауапты мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіліп, өңірдің жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығы пысықталды. Кездесуге Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. А.Жумалбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Н.Оршубеков, Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директоры Л.Қожамжарова, Жамбыл облысы бойынша бала құқықтарын қорғу уәкілі Д.Бағжанов қатысты. Жұмыс сапарының барысында бірқатар білім нысандарының ахуалымен танысты.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы №1 және №27 орта мектептерде жүргізіліп жатқан «Реновация» боынша күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Мектеп ғимараттарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқушылар үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Сонымен қатар, «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан Шөлдала алқабындағы жаңа мектептің құрылысы назарға алынды. Жаңа білім ұясы заман талабына сай жабдықталып, мыңдаған оқушыны қабылдауға қауқарлы болады деп жоспарлануда.
Сапар барысында Гаухар Серікқалиқызы Тараз қаласындағы №67 («Келешек мектепі») мектепке де арнайы барып, оқу орнының жұмысымен танысты. Мектеп ұжымымен кездесіп, алдағы оқу жылындағы жоспарлар мен жаңа жобаларды талқылады.
Жұмыс сапары соңында Министр өкілі Гаухар Серікқалиқызы, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М.Нысанбаев пен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Н.Оршубеков Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемовпен кездесіп, өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған шараларды, білім сапасын арттыру жолындағы жұмыстарды жүргізудің маңыздылығына тоқталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhambyl/press/news/details/1047527?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау