«ЖАРНАМА ТІЛІ – ҚОҒАМДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҚҰРАЛ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атамекен кәсіпкерлер палатасының алаңында «Жарнама тілі – қоғамды тәрбиелейтін құрал» атты семинар өтті. Семинарға Тараз қаласының жеке кәсіпкерлері және Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының, облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында кәсіпкерлерге қазіргі уақытта елімізде қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілді қолдануға қатысты мәселелер ең көп талқыланатын мәселелердің біріне айналып отырған тамақтану орындарындағы (мейрамхана, дәмхана, асхана) ас мәзірінің тек орыс тілінде болуы қоғамда жұртшылық арасында резонанс тудырып жатқаны жеткізілді. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, «Тағам атаулары сөздігі» таратылып, әдістемелік кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1047519?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version