📌 «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 60 бұйрығымен «Мәртөк орман шаруашылығы» КММ басшысы лауазымына Құлшанаев Нұрмұхан Шідербайұлы тағайындалды. Нұрмұхан Шідербайұлы Кұлшанаев – 1983 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, «Қаржы және несие», «Құрылыс инженериясы» мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Мәртөк ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастап, әр жылдарда Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, Мәртөк аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Мәртөк ауданының Байторысай ауылдық округінің әкімі, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы жанындағы интернат меңгерушісі, Мәртөк ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2015 жылдың 5 наурызынан бүгінгі күнге дейін Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1052888?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау