19 тамыздан бастап медицина саласы бойынша бөлінетін грант конкурсына құжат қабылданады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында медицина саласы бойынша қажет мамандарды даярлауға жергілікті бюджеттен 50 орын бөлінетіні анықталды.

Грант конкурсына құжаттарды сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің  қабылдау комиссиясы (Ақтөбе қаласы Маресьев көшесі №68, бас корпус, 1 қабат) қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау («Бакалавриат» және «Резидентура» білім беру бағдарламасы бойынша) 19-21 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Бакалавриатқа түсетіндер үшін:

  1. жергілікті атқару органдарының оқу гранты конкурсына қатысу үшін өтініш (жоғары білім);
  2. жеке куәлік;
  3. ҰБТ сертификаты;
  4. 3х4 көлеміндегі фото;
  5. орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;

Резидентураға түсушілер үшін:

  1. Жергілікті атқару органдарының оқу гранты конкурсына қатысу туралы өтініш (жоғары оқу орнынан кейінгі білім);
  2. Дәрігер біліктілігі берілгендігі туралы диплом және дипломның қазақ, орыс және ағылшынтіліндегі қосымшалары (түп нұсқасы, көшірме); Шетелде медициналық білім алғанадамдар өздерінің білімін таныту және (немесе) “дәрігер”біліктілігін беру туралы құжаттыұсынады;
  3. Интернатураны бітіргені туралы куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
  4. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі (болған жағдайда);
  5. Жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме);
  6. Еңбек кітапшасы, еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  7. 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  8. 075-У нысанындағы медициналық анықтаманы (хирургиялық бейіндер үшін қосымша вирусты гепатиттердің В,С және АИТВ зерттеулерінің қортындысы, эпид. анемнез туралы анықтамалар талап етіледі);  
  9. Деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған интернатурадағы қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің нәтижесі («Ұлттық тәуелсіз сараптама орталығы» РҚБ өткізген тестілеу);  
  10. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық (IELTS, TOEFL) сертификаты бар тұлғаларға (нотариалды куәландырған, бар болса ғана).

Байланыс телефондары:

8 (7132) 54-34-45

+7 775 472 23 10

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1052292?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version