Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларының конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты: 2025 жылғы 25 тамыздан 2025 жылғы 4 қыркүйекке дейін.

Тауар биржаларының конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күнді құрайды.

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдер қарауға жатпайды.

Уәкілетті органның заңды мекенжайы: 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, әкімшілік ғимарат “Министрліктер Үйі” 1 кіреберіс, телефон + 7 (7172) 74-98-97, + 7 (7172) 74-06-72, + 7 (7172) 74-06-70.

Конкурстық өтінім конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Конкурстың өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел 53/1, ЕХРО Халықаралық көрме орталығы, №1 конференц зал.

Конкурстық комиссия отырысының күні мен уақыты: 2025 жылғы 12 қыркүйек сағат 16.00-де.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1052879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version