Алаяқтық: азаматтарды сақ болуға шақырамыз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүлікке қарсы бағытталған қылмыстардың бірі – алаяқтық, ол қылмыстық заңда бөтен мүлікті ұрлау немесе алдау не сенімді теріс пайдалану арқылы бөтен мүлікке құқық алу ретінде анықталады.

Соңғы уақытта алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі – заманауи технологияларды пайдалана отырып, жалған банк төлем карталары, мобильді алаяқтық және басқа да тәсілдер арқылы ақшалай қаражатты жымқыру.

Аталған әрекеттер үшін мүлікті тәркілеумен қатар, ең жоғарғы жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Интернет-алаяқтық – ең жиі кездесетін қылмыс түрі. Қылмыстық істерді талдау көрсеткендей, алаяқтар адамдарды жаңылыстыру үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Мысалы, өздерін банк қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, карталық шоттарда күдікті операциялар туралы хабарлайды және қаражатты «резервтік сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сондай-ақ, алаяқтар түрлі жобаларға, ойындарға, спорттық жарыстарға ақша салуды ұсынады немесе қайырымдылық деген желеумен ақша сұрайды.

Өкінішке қарай, мұндай алаяқтардың әрекеттерінен көптеген азаматтар зардап шегіп үлгерді.

Мобильді алаяқтық көбінесе басқа адамның ақшалай қаражатын алдау арқылы иемдену мақсатында жасалады, мұнда жәбірленуші белгілі бір мекенжайға ақша аударуы тиіс болады, сондай-ақ мұның басқа да түрлері кездеседі.

Дегенмен, осындай жағдайлардың құрбаны болмас үшін, ең жиі кездесетін алаяқтық түрлері туралы хабардар болу жеткілікті.

Алаяқтықтың негізгі құрамынан бөлек, оның бірнеше түрлері бар: компьютерлік алаяқтық; субсидияны алаяқтық жолымен алу; инвестициялық алаяқтық; сақтандыру сомасын өсіріп алу мақсатындағы алдау; пайда табу мақсатындағы алдау; несие алу кезіндегі алаяқтық.

Егер сізден телефон арқылы қандай да бір ақпарат сұраса немесе белгілі бір әрекеттерді орындауды ұсынса – бірден тұтқаны қойыңыз.

Осыған байланысты азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданбауға шақырамыз.

Бейтаныс адамдардың уәделеріне сене бермеңіз, ақпаратты тексеріп алыңыз, оларға жеке құжаттарыңызды бермеңіз, банктік несие рәсімдеу кезінде кепіл беруші болуға немесе түрлі ЖШС-лерге құрылтайшы ретінде кіруге келіспеңіз, алдын ала төлем немесе аванс бермеңіз, нотариалды куәландырусыз ешқандай келісімге қол қоймаңыз, оларға ақшалай қаражатты көрсетілген шоттарға аудармаңыз – өз мүлкіңіз бен оған деген құқығыңызды бағалаңыз.

Алаяқтық әрекеттері бойынша күдік немесе анықталған жағдайда Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдарына жүгіну маңызды.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 187-бабы 4-1-бөлігіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында (алаяқтық) көзделген қылмыстар бойынша, егер мемлекетке залал келтірілген болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру қызметі жүзеге асырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-shelek/press/news/details/1052382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version