«Ақ Мая Fest» фестивалін тамашалаушылар үшін автобустардың алғашқы легі жолға шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтаудан Айрақтыда өтетін «Ақ Мая Fest» шұбат фестиваліне қатысушыларды тасымалдайтын алғашқы автобустар жолға шықты.

Өңір тұрғындарын жол жүруге ыңғайлы yutong маркалы 15 автобус фестиваль аясында тасымалдайды.

Ерекше іс-шараға асыққан тұрғындар Ақтаудағы «Nur Plaza» қонақүйінің алдынан және Жаңаөзен қаласында Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ФОК) алдынан автобустар арқылы жолға шықты. Енді келесі автобустар бүгін 13:00 және 14:00-де жөнелтіледі.

Барып-қайту құны – 1500 теңге.

Айта кетейік, «Ақ Мая» — ұлттық дәстүр мен заманауи өнерді тоғыстырған ерекше фестиваль. Шара аясында шұбаттан шеберлік сағаттары, ұлттық ойындар, дрон және лазерлік шоулар мен эстрадалық концерт өтеді. Қатысушылар Райм, Ерке Есмахан, Әмре, Енлік, Луина, DJ Abailuck және «Ұлытау» тобының өнерін тамашалай алады.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1052570?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version