Ақмола облысының аграршылары табысты жиын-терімге дайындалуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-тур өтті.Журналистер заманауи агротехнологиялармен,егін жинау науқанына дайындық барысымен танысып, мемлекеттік қолдаудың ауыл тұрғындарына өндірісті дамытуға қалай көмектесіп жатқанын білді.

Зеренді ауданындағы «Викторовское» ЖШС 23,6 мың гектар жерді өңдейді, оның ішінде 17,8 мың гектары — егістік, 6,8 мың гектары — жайылым.Егіс құрылымында бидай, арпа, сұлы, бұршақ дақылдары, зығыр, рапс және малазықтық шөптер бар.Мұнда заманауи техника паркі, астық кептіргіш,механикаландырылған ток және тіпті өз наубайханасы да жұмыс істейді. Маусым кезінде 200-ге дейін адам еңбек етеді.

Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады, жеңілдетілген жанар-жағармай мен техника алады, бұл тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.Шаруашылық директоры Виталий Гончаровтың айтуынша, биыл алғаш рет тәлімі жерге қант қызылшасы егілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1052309?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version