Тамыз конференциясы-2025: “Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы” 6-секциясына Аягөз ауданы білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық кабинетінің меңгерушісі Ж.Ы.Маликова қатысты. Мастер-класс барысында педагогтердің білім беру саласындағы инновациялық әдіс-тәсілдерді, заманауи оқыту технологияларын және үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар, Жанар Ыдырышовна өз іс-тәжірибесіндегі тиімді әдістерді ұсынып, қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Саммитке қатысу арқылы білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа идеялар мен әдістемелерді меңгеріп қайтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1052282?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау