Сұлтан-Бейбарыс алаңында ерекше мерекелік атмосфера орнады. Мұнда
«Atyrau Books» кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі, шеберлік сағатттары ұйымдастырылды.
Жәрмеңке аясында қала тұрғындарына ұлттық нақыштағы туындылар мен түрлі жанрдағы кітаптар ұсынылып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, қолөнер мен шығармашылық бағыттағы шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.
Іс-шара Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған «Atyrau Jastar Fest-2025» ұлттық онкүндігі аясында өтті. Бұл – жастардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, дәстүрлі қазақ қолөнерін насихаттауға және кітап оқуға деген қызығушылығын ынталандыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1052526?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау