Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде мекеме басшылығы қолданыстағы және өндірістік аймақта бизнес ашуға қызығушылық танытқан жеке кәсіпкерлермен жұмыс кездесуін өткізді.

 

Кездесу барысында қолда бар өндірістік ғимараттарды, соның ішінде бос тұрған орындарды тиімді пайдалану, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру және жаңа қызмет түрлерін енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту, өнім түрлерін кеңейту, сотталғандарды жұмыспен қамту және талап-арыздар мен алимент төлемдерін өтеу көлемін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Қатысушылар мекеме әкімшілігі мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға ғана емес, сонымен қатар сотталғандарды кәсіби даярлауға, олардың әлеуметтік бейімделуіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты оралуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1052298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version