БҚО ҚАЖД №28 мекемесінде колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған кезекті әрекет тоқтатылды.
Оқиға 14 тамыз күні шамамен сағат 15:50-де болды. Сотталғандардың біріне арналған пошта сәлемдемесін тексеру барысында шай қаптамасының ішінен ерекше иісі бар қою жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 19 шай қалташасы табылды.
Тыйым салынған заттар мекеме тексеру тобының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бірлескен әрекеттері нәтижесінде анықталды. Оқиға орнына Орал қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылып, алғашқы материалдар жиналды.
БҚО ҚАЖД мекемелерге тыйым салынған заттардың жеткізілу жолдарын бұғаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1052303?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау