Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар дәріханалардан сатып алыңыздар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын, қауіпсізідігін және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын орындау үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тек фармацевтикалық қызметке қолданыстағы лицензиясы бар дәріханалардан сатып алу қажеттігін еске саламыз.

Фармацевтикалық қызметке лицензия уәкілетті мемлекеттік органмен беріледі және ол дәріхананың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды босатуға құқығын растайды. Бұл ретте дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар белгіленген сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкес болады, сақтау мен тасымалдау шарттары сақталады, кәсіби кеңес беруге қабілетті білікті фармацевтикалық персонал бар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану бойынша кәсіби кеңес беріледі, сатып алудың заңдылығын растайтын барлық ілеспе құжаттар мен түбіртектер ресімделеді.

Дәріханада фармацевтикалық қызметке лицензияның көшірмесі, оған қоса қосымшалары мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу қызметінің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау талоны келушілерге қолайлы жерде орналастырылуы тиіс.

Лицензиясы жоқ, рұқсат етілмеген тұлғалардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тіркелмеген, рұқсат етілмеген, сапасыз, жалған өнім шығару немесе денсаулыққа қауіпті өнімге тап болу қаупіне әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтірілуі ықтимал.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1052836?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version