«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Өскемен қ. найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет:
– найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
– металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз;
– желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз;
ТЖ туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1052799?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау