Кенжеғалиева Фатима Түсіпқызы – аты Атырау мұнай өңдеу зауытында ерекше құрметпен және жылы лебізбен аталады. Оның еңбек жолы осы кәсіпорынмен тығыз байланысты. 1981 жылы, мектепті енді ғана бітірген жас түлек, ГНПЗ-дағы баяу кокстеу қондырғысында технологиялық сорғылар машинисі болып жұмысқа кірісті.
Білімге деген ұмтылыс пен кәсіби өсуге деген талпыныс Фатима Түсіпқызын зауыт жолдамасымен Қазан химия-технология институтына алып келді. 1985–1991 жылдары ол өндірістен қол үзіп оқып, диплом алғаннан кейін туған ұжымына оралып, сүйікті ісін жалғастырды.
Жұмыс жылдарында ол қызметтік баспалдақтың барлық сатыларынан өтті – оператордан цех бастығының орынбасарына дейін көтерілді. Әр кезеңде өзін сауатты, жауапты және білікті маман ретінде көрсете білді. Оның қатысуымен жаңа резервуарлар, жеңіл мұнай өнімдерін бөлу блогы және қара мұнай өнімдері эстакадасы пайдалануға берілді.
2016 жылы Фатима Түсіпқызы жаңадан құрылған ароматты көмірсутектер өндіру цехына ауысып, техникалық құжаттаманы жүйелеу және ретке келтірумен айналысты. 2018 жылдан бері ол операциялық координатор қызметін атқарып, зауыттың дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Өмірінің басым бөлігі Атырау МӨЗ-імен тығыз байланысты. Фатима Түсіпқызы Кенжеғалиева – өз мамандығына адалдықтың, туған кәсіпорнына беріктіктің және еліне шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1052296?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау