Ағымдағы жылдың 18 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімімен “Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалымен бірлесе отырып, «АМАNАТ» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Цифрлық сот орындаушысы», «Атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін негіздер» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға «Цифрлық сот орындаушысы» жүйесі түсіндірілді, оның артықшылығы азаматтар жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу бойынша қосымша шығындардан босатылады, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындаудың белгіленген тәртібі талқыланды, атқарушылық іс жүргізуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1052813?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау