КЕЛЕС: АҚТӨБЕДЕГІ АУЫЛДАРДЫҢ 96% ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ердәулет Жасұзақов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізіп, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар туралы хабарлады.
Брифинг барысында білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, абаттандыру, жол жөндеу, табиғи газ және ауызсумен қамту бағыттарындағы атқарылған жұмыстар мен жоспарланған жобалар таныстырылды. Сондай-ақ округтегі діни ахуал мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде мәлімет берілді.
Ақтөбе ауылдық округінде биылғы жылы екі жаңа мектеп пайдалануға беріліп, тағы екі мектептің жобалық құжаттары дайындалуда. Денсаулық сақтау саласында 1 ауылдық аурухана, 6 дәрігерлік емхана, 6 фельдшерлік пункт халыққа қызмет көрсетіп, 15 дәрігер мен 90-ға жуық орта және кіші буын мамандар жұмыс істейді.
Кәсіпкерлік бағытында округте 32 дүкен, 24 дүңгіршек, 6 жанармай бекеті, 5 дәріхана және 11 қоғамдық асхана қызмет атқаруда, нәтижесінде 282 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Инфрақұрылым саласында елді мекендердің 96%-ы табиғи газбен қамтылған, ауызсу құбырын тарту және электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жолдардың жалпы ұзындығы 138,9 шақырымды құрайды, бірқатар көшелерде орта жөндеу және жарықтандыру жұмыстары басталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1052369?lang=kk

Exit mobile version