Маңғыстауда құрылысшылар күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстауда құрылысшылар күні аталып өтті

13 тамыз күні Маңғыстау облысында құрылысшылар күні аталып өтті. Салтанатты жиында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов құрылысшыларды облыс әкімінің атынан құттықтып, марапаттады. Іс-шараға құрылыс компанияларының өкілдері, 40-қа жуық құрылысшы және жас мамандар қатысты. Салтанатты шара барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері марапатталды. Өңірдегі құрылыс саласына зор үлес қосқан ардагерлер Ақан Лепесов пен Сергей Плетнёв ҚР Премьер-Министрі бірінші орынбасары, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің марапаттарына ие болды. ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі Қуаныш Еділханов, Алғадай Қоштаевқа табысталды. -Әрбір салынған ғимарат – қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Сол еңбектің арқасында елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асырылып, жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдар бой көтеруде. Өңірдің өркендеуіне және экономикасының дамуына қосқан үлестеріңіз орасан. Баршаңызға еңбектеріңізге береке, мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және жаңа жетістіктер тілеймін, – деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов. Салтанатты шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1052459?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version