Спорт күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Медет Қайратұлы Атенге «Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Құрметті марапатты Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков тапсырды.
Медет Қайратұлы ұлттық құндылығымыз – «Тоғызқұмалақ» ойынын дәріптеп, халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейде мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен жарыстарда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген.
Бұл марапат – оның еңбегіне берілген әділ баға әрі ауданның спорттық рухын көтерудегі зор үлесінің айғағы.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен толайым табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1052643?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау