2025 жылғы 16 тамызда Өскемен қаласында әлемдегі ең ірі халықаралық автошерулердің бірі — «Mongol Rally» алғашқы мәресі өтті. Бұл шара көпшілікті жинаған нағыз автоспорт мерекесіне айналып, Шығыс Қазақстанның жарқын туристік дестинация ретіндегі мәртебесін тағы бір дәлелдеді.
Ралли 2025 жылғы 13 шілдеде Чехия Республикасының астанасы Прага қаласынан басталды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 24 елден 106 команда (автокөлік) және 273 қатысушы тіркелген. Олардың қатарында Ұлыбританиядан – 82, Италиядан – 32, Аустралиядан – 27, Жаңа Зеландиядан – 21, Норвегиядан – 18, АҚШ-тан – 15, Нидерландыдан – 14, Ирландиядан – 12, Швейцариядан – 9, Германиядан – 6, Франциядан – 5, Испаниядан – 5, Чехиядан – 4, Аустриядан – 4, Гонконгтан – 3, Даниядан – 3, Финляндиядан – 3, Румыниядан – 2, Литвадан – 2, Швециядан – 2, Бельгиядан – 1, Польша мен Пуэрто-Рикодан – 1 командадан бар.
16 тамызда Өскеменге 19 команда (55 адам) келіп жетті.
Қорытынды мәресі өтеді:
📅 2025 жылғы 23 тамыз
🕝 сағат 14:30
📍 Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 68 (Достық үйі, бұрынғы ДКМ)
Бұл күні 57 команда (146 адам) келеді деп күтілуде. Шара тек спорттық қана емес, сонымен қатар имидждік және туристік тұрғыдан да маңызды оқиға болып табылады. Раллийдің мәресі халықаралық БАҚ-тың, тревел-блогерлер мен автожанкүйерлердің назарын аударып, аймақты бай мәдениетімен, тарихымен және табиғатымен ерекшеленетін уникалды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге ықпал етеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарын осы ауқымды шараға қатысып, қатысушыларды сапарларының шешуші кезеңінде қолдауға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1052651?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау