Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен құрылыс жұмыстары басталды
Түркістан облысы Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің № 9 өрт сөндіру бөлімінде ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бөлімде өрт сөндірушілерге арналған жуыну және арнайы киім-кешектер мен өрт сөндіру жеңдерін кептіруге арналған бөлмелер салынып жатыр.
Бұл бастама өрт сөндірушілердің еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған. Жаңа бөлмелер арнайы жабдықтарды сақтау мен күтуді оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысының ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1052291?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау